780

Маңғыстауда ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшыларына қысым көрсетіліп жатыр

11 желтоқсанда Маңғыстауда 500-ге жуық жұмысша ереуілге шықты.

Маңғыстауда ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшыларына қысым көрсетіліп жатыр
видеодан алынған кадр

Жұмысшылардың айтуынша, оларды полиция мен арнайы жасақ қоршап алған. Ал жұмыс берушілер жұмыстан босатып, бос жүргені үшін ақша төлейміз деп қорқытып отыр.

"Тапсырыс беруші "МаңғыстауМұнайГаз" бен оған сілтеп отырған жұмыс берушіміз тоқтап қалған уақыттың барлық шығынын бізден алатынын хабарлады. Бірақ біз заңды бұзбадық. Күн райы -12С, желмен -20С секілді сезіледі. Адамдар суықта тұр. Үйге барсақ, бізді ұстайды. Олар бізге шатырларымызды орнатуға, от жағуға рұқсат бермеді. Көлікте ұйықтап, далада жүрміз. “Олар жер жекеменшік, мұның бәрін бұл жерде жасай алмайсыңдар дейді”, - деді ереуілшілердің бірі Vlast басылымына.

11 желтоқсанда Маңғыстауда West Oil Software компаниясының 500-ге тарта жұмысшысы ереуілге шыққан еді. Олар жұмысты тоқтатқанын хабарлап, өздерін "ҚазМұнайГазға» қосуды сұрады. Әрі бірыңғай еңбекақы талап етті. Ал аудандық сот олардың жұмыс уақытында ереуілге шығуын заңсыз деп таныды.

Материал авторы