2747

Шавкат Рахмонов: Жеңіске жету үшін бар күшімді саламын

Шавкат кезекті жекпе-жегінде Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады

Шавкат Рахмонов: Жеңіске жету үшін бар күшімді саламын
fightnews.info

Smart News басылымының хабарлауынша, желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі ұйымдастырылады.

Турнирдің басты жекпе-жегі Леон Эдвардс және Колби Ковингтон арасында өтеді. Басты жекпе-жек алдында қазақстандық Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонмен октагонда жолығады.

Екі спортшы кездесу алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, бір-біріне сәттілік тіледі. Баспасөз мәслихаты барысында қазақстандық спортшы жеңіске жету үшін бар күш-жігерін салатынын мәлімдеді.

Материал авторы