"Қалай күн көреміз?": Үш күн жарықсыз отырған тұрғындар жолды жауып тастады

15.12.2023, 17:42
764
"Қалай күн көреміз?": Үш күн жарықсыз отырған тұрғындар жолды жауып тастады видеодан алынған кадр

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылының тұрғындары ашуына мінді.

Smart News басылымының хабарлауынша, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылы мен оған жақын орналасқан елдімекен тұрғындары жолды жауып тастады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі 5region сайтына сілтеме жасап хабарлады. 

Ащыбұлақ ауылы тұрғындарының айтуынша, электр жарығы, су және газдың жоқтығынан олар жаппай наразылыққа шығуға мәжбүр болған.

"Үйімізде тоңып жатырмыз, жарық, су, газ жоқ. Қалай күн көреміз?!" – деді ауыл тұрғындарының бірі.

Жаппай наразылық орын алып жатқан жерге Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келіп, басқа да уәкілетті органдардың өкілдері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде  сағат 23.00-де электр қуаты қалпына келтірілді. 

“2023 жылы 14 желтоқсан күні кешке Алматы облысы Ащыбұлақ а/о, Көкқайнар ауылында электрмен жабдықтаудың апаттық ажырауы орын алды, соның салдарынан 3500-ге жуық абонент жарықсыз қалды.  Жергілікті жерде жедел апаттық бригада жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын атқарды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, төтенше жағдай жойылды”, – делінген хабарламада. 

Енді бір айта кетерлігі, Жамбыл ауданы, Қарасай, Талғар өңірлерінде де газ, су, электр қуатын тартуға қатысты мәселелер көтерілуде. Сондай-ақ Ұзынағашта газ қысымының төмендігі мәселесі үшінші күннен бері жалғасып келеді. Ал Қарасай ауданы Шалқар ауылында су жоқ, себебі Боралдайдан су тастарымен бірге келіп, фильтрді бітеп жатқан көрінеді. Тұздыбастауға аудан әкімі келгенімен, газ бен су берудегі үзілістер жалғасуда.

Бұған дейін, Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі жазда мемлекет ақшасын пайдаланып, президенттің портретін 70 000 теңгеге сатып алмақ болғаны туралы айтылған еді. Сондай-ақ аудан әкімі Бағдат Қарасаевтың 2023 жылдың 28 қазанында экс-президенттің немересі Айсұлтан Назарбаевтың үйлену тойы өткен "Royal Tulip Almaty" люкс мейрамханасында ұлы Айдос Қарасаевтың тойын салтанатты түрде өткізгені ақпарат таралған болатын. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды