Маңғыстаудағы ереуіл: компания «заңсыз ереуілге» шыққан тағы 19 адамды жұмыстан шығарды
Бұған дейін компания 7 адамды жұмыстан шығарған еді.
Smart News басылымының хабарлауынша, West Oil Software «заңсыз ереуілге» шыққаны үшін тағы 19 адамды жұмыстан шығарды. Бұл туралы Vlast басылымы жазды.
Компания 15 желтоқсанда соттың ереуілді «заңсыз» деп тану туралы шешіміне қарамастан наразылықты жалғастырған 19 қызметкермен еңбек шартын бұзған. Бұған дейін дәл осындай себеппен 7 адам жұмыстан шығарылған еді.
Маңғыстауда West Oil Software компаниясының 500-ге тарта жұмысшысы осымен бесінші күн қатарынан ереуілдетіп жатыр. Олар жұмысты тоқтатқанын хабарлап, өздерін "ҚазМұнайГазға» қосуды сұрады. Әрі бірыңғай еңбекақы талап етті.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші