Биыл қазақша дубляждалған шетел фильмдері прокатқа шықпайды

16.12.2023, 12:52
1554
Биыл қазақша дубляждалған шетел фильмдері прокатқа шықпайды коллаж smartnews.kz

5 фильмді дыбыстауға қатысты өткен байқау жарамсыз деп танылды.

Smart News басылымының хабарлауынша, 11 қазанда қазақ тілінде дубляждауға іріктеуге онлайн дауыс беру аяқталып, оған 5 киножоба, қатысқан еді. Бұдан әрі онлайн дауыс беру нәтижесі Сараптама кеңесінің қарауына берілді. Ол 5 фильмді де дыбыстау қажет деп тапқан. Бұл туралы Vlast.kz басылымы жазды.

Алайда ұлттық киноны қолдау орталығының хабарлауынша, конкурстық іріктеуге қатысқан компания мына фильмдерді дубляждаудан бас тартқан «Pororo Popstar Adventure» («Кішкентай Пороро: музыкалық шытырман оқиға»), «Butterfly Tale» («Көбелек оқиғасы») анимациялық фильмі, «Wild Heart» («Жабайы жүрек») көркем фильмі.

«Құқық иеленушіден телевизиялық көрсетілім үшін құқықтарды жеке сатып алу қажет, ал бұл туралы шығындар олар ұсынған сметада болмады», деп келтірді ҰКҚМО.

Ал іріктеуден өткен тағы екі фильм «Cat and dog» («Мысық пен ит») және «Autumn and the black» («Менің ягуарым») фильмдерін жүзеге асыруға 30-40 күнтізбелік күн қажет болған, ал мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша оны іске асыру мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсан болғандықтан, студиялар дубляжды аяқтап, үлгермес еді.

«2023-2024 жылға созылатын келісімшартты қарастыру мүмкін болмады. Соған байланысты, биылғы дубляж байқауы жарамсыз деп танылды», - дейді ұлттық киноны қолдау орталығы.

Осылайша қазақ тіліне дыбысталған шетелдік фильмдер соңғы рет 2022 жылы шықты: «Аватар» фильмінің бірінші бөлімі, «Қара қабылан: Ваканда жасасын» және «Аватар: Су жолы» фильмдері.

«Тамызда бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов прокатқа қазақша дыбысталған 15 фильм шығады деп уәде берген еді. Бұған 443 млн теңге жұмсамақ болды. Ал байқау қорытындысы бойынша, тек 5 фильм қатысқандықтан, оған бюджеттен 125,5 миллион теңге бөлу жоспарланған. Алайда конкурс өтпегендіктен барлық ақша бюджетке қайтарылды», — дейді ҰҚКМО.

2022 жылдың қазанынан бастап министрлік Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы (ҰККМО) ұйымдастырған тендерлер арқылы фильмдерді дубляждауға тапсырыс бере бастады. Бірақ бірде-бір тендер өткен жоқ, 2023 жылы ҰККМО үш байқауға қатысуға үш рет өтінім қабылдауды жариялап, тек үшіншісінде ғана 5 киножобаға өтінім түсті.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді