«Бразилияға бару оңай болмады»: Нұрлан Қоянбаев тағы бір комедия түсірді

Аиса Махамбет Редактор
16.12.2023, 16:38
1901
«Бразилияға бару оңай болмады»: Нұрлан Қоянбаев тағы бір комедия түсірді коллаж smartnews.kz

Қоянбаевты Бадықова басып озды

Атақты әзілкеш, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев «Қазақша бизнес» фильмінің кезекті сериясын 218 миллион халқы бар Оңтүстік Америка елінде түсірді.

Бұл жолы Қоянбаев актерлік құрамды, режиссер мен сценарий авторларын, түгел өзгерткен. Бұрынғы фильмдерде ойнаған Жан Байжанбаев, Дариға Бадықова, Гүлназ Жоланова, Рамазан Амантай сынды әртістер бұл жолы тек эпизодтық рөлдерден көрінеді екен. Қыркүйекте басталған түсірілім 20 күнде жалғасыпты.

«Қазір шетелге шығып, кино түсіру өте қымбат боп жатыр. Бразилияға бару оңай болмады. Жалпы, жеті бөлімі бар кино жыл сайын шыға бермейді. Сондықтан оның жауапкершілігі өте үлкен. Қазір Қазақстанда комедия көп түсіріліп жатыр. Біреуі жақсы, біреуі жаман. Соған қарамастан түсіріле бергені дұрыс. Өйткені тек мықты мемлекет қана өз өмірлерін күлкімен көрсете алады» деді Нұрлан Қоянбаев «Revue news» бағдарламасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, «Қазақша бизнес» комедиясының алғашқы бөлімі 2016-жылы шыққан. Нұрлан Қоянбаев – Қазақстанда комедия түсіріп, кассадан миллиард жинаған алғашқы продюсер. Алайда жақында оны «Таптым-ау сені» фильмін түсірген Дариға Бадықова басып озды. Жарыққа шыққа 10 күн ішінде 1 миллиард 100 миллион теңге касса жинаған. Қоянбаевтың «Қазақша бизнес Бразилияда» комедиясы 28-желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрлардан көрсетіле бастайды.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген