Елімізде 25 мың шақырым жол қысқы күтіммен қамтылған

17.12.2023, 09:47
596
Елімізде 25 мың шақырым жол қысқы күтіммен қамтылған canva.com

Қысқы күтіммен қамтылған автожолдардың жалпы ұзындығы халықаралық және республикалық тас жолдарды қоса алғанда 25 мың шақырымды құрайды. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

Аталған көлемнің 21 мың шақырымына «КАЖсервис» ЖШС күштері, ал тағы 4 мың шақырымына реконструкциялау және күрделі жөндеу объектілерінде мердігерлік ұйымдар қызмет көрсетеді.

«Қысқы күтімді қамтамасыз ету үшін 1033 бірлік қар тазалау техникасы жұмылдырылған, сондай-ақ қысқы жағдайларда сенімділік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін шамамен 218 бірлік қосымша техника жалға алынды.

Бүгінгі таңда 515 өндірістік база сақадай сай, оның ішінде жылыту пункттері, қазандықтар, гараждар, автотұрақтар мен қоймалар пайдалануға дайын», — деп жазды Көлік министрлігі.

Еліміз бойынша барлық қажетті жабдықтармен қамтылған 121 жылыту пункті бар. Қиын жағдайға тап болған пайдаланушылар үшін алғашқы баспана. Бұл пункттер өздерінің ас үйімен, пайдаланушыларға арналған демалыс бөлмелерімен және көлікке арналған жылы бокстармен жабдықталған.

«Сондықтан жолда „жол-пайдалану учаскесі“ деген жазуы бар маңдайшаларды қадағалауға кеңес береміз.

Қысқы күтімнің ажырамас бөлігі көктайғаққа қарсы материалдарды дайындау болып табылады. Қазіргі уақытта 26 мың тонна тұз, 94 мың м3 құм, 33 мың м3 ұнтақ, 778 тонна реагент және 25 мың м3 құм-тұз қоспасы бар», — делінген хабарламада.

Ағаштарды кесу, шөптерді шабу, «жылдамдықты шектеу», «тайғақ жол» уақытша жол белгілерін және қардан қорғау қалқандарын орнату жұмыстары жалғасуда. Қарлы учаскелердің жалпы ұзындығы 2,5 мың шақырымды құрайды.

Сондай-ақ, егер сіз жолда қалсаңыз және қоңырау шалу мүмкіндігі болса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа алатыныңызды еске саламыз.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды