"Қазақша сөйлесем болды": Шавкат Рахмонов ағылшынша білмейтініне ұялмайтынын айтты

17.12.2023, 16:16
3330
"Қазақша сөйлесем болды": Шавкат Рахмонов ағылшынша білмейтініне ұялмайтынын айтты ашық дереккөзден

"Қазақша сөйлесем болды, басқасы бекер"

Smart News басылымының хабарлауынша, танымал файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі кезекті жеңісінен соң, арнайы ұйымдастырылған пресс-конференцияда өзіне қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Журналистердің бірі Стивен Томпсонмен өткен жекпе-жекке қатысты сұрақтар қойды. "Мінсіз рекорд жасауыңмен құттықтаймын! Стивен Томпсонды жеңгендегі сезімің қандай?" деген сұраққа, Шавкат мынадай жауап берді:

"Әрине, өте қуаныштымын жеңіске жеткеніме. Бұл өте маңызды жеңіс деп ойлаймын. Мен үшін, менің командам үшін, елім үшін, Қазақстан үшін!" - деп жауап берді Шавкат.

Шавкат жекпе-жек қалай дайындалғаны туралы да айта кетті.

"Иә, бұл жекпе-жекке жақсылап дайындалдық. Жоспар бойынша қарсыласты кішкене бақылап, қимылдап, сезіп, тактика қолдануым керек болды. Ешқандай асығыстық болмады. Бірінші раундта жеңіске жетемін деп ойладым, екінші раундта партерге жығып, өзімнің жұмысымды жасадым. Ешқандай қобалжу болмады", - дейді файтер.

Сондай-ақ журналистердің бірі спортшыдан тілге қатысты сұрақтар қойған болатын. Журналистің "Әр жекпе-жек сайын сенің танымалдығың артып келеді. Бірақ тілдік кедергіден болар, сен біз үшін өте жұмбақсың. Жанкүйерлеріңе өзің жайлы не айтқың келеді?" деген сұрағына Шавкат қысқа жауап қайтарды:

"Мені тану үшін жекпе-жектерім жеткілікті деп ойлаймын. Ағылшынша тез үйреніп аламын деп те ойлаймын" - деді Шавкат.

Сондай-ақ пресс-конференциядағы қазақ тілді тілшінің "Ағылшынды жақсарту керек сияқты. Келесі жекпе-жекке дайынсың ба?" деген сұраққа, Шавкат нүкте қойды:

"Иә, мен дайынмын, әрине. Шынымды айтсам, басқа тілдерді үйрену, әрине, жақсы. Мен тек қана қазақша жақсылап сөйлесем болды. Басқа тілдерде сөйлей алмайтыным үшін ұялмаймын. Менің ана тілім - қазақ тілі. Өзге тілдерді білмеуім менің намысыма тимейді. Қазақша сөйлесем болды, басқасы бекер", - деді Шавкат Рахмонов.

 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды