Хабар арнасы Әсия Байғожина түсірген "Желтоқсан желі" деректі фильмін эфирден алып тастады

17.12.2023, 16:55
1329
Хабар арнасы Әсия Байғожина түсірген "Желтоқсан желі" деректі фильмін эфирден алып тастады kazakhcinema.kz

Фильмді эфирден көрсетпеуіне не себеп?

Smart News басылымының хабарлауынша, режиссер Әсия Байғожинаның "Желтоқсан желі" фильмінің премьерасы 16 желтоқсан күні Хабар арнасында көрсетілуі керек болған. Бірақ белгісіз себептермен көрсетілмей қалған. Фильмді алып, орнына шетелдік көркем фильмді көрсеткен.

Жағдай туралы ақпаратты журналист Ардақ Бөкеева өзінің Facebook парақшасына жариялады.

"Кеше прайм-тайм уақытында Әсия Байғожинаның "Желтоқсан желі" фильмінің премьерасы "Хабар" арнасында көрсетілуі керек болған еді. Оның орнына голливудтық па, португалдық па, бір фильмді қойған. Прайм-таймға. Еліміздің туған күнінде. Басты мемлекеттік арнада", - деп жазды.

Журналист режиссер Әсия Байғожинамен байланысқа шығып, фильмнің көрсетілмеуінің себебін сұраған. Режиссер фильмді алып тастау туралы ешкім ескертпегенін айтқан.

Белгілі болғандай, фильмді түсіруге арнаның өзі тапсырыс берген. Фильмді түсіру үшін көптеген архивтерді қарап, оқиға куәгерлерінен сұхбат алынған.

Ал BES.media басылымы "Хабар" арнасының директоры Арман Сейітмамытқа байланысқа шыққанда, арна басшысы фильмнің көрсетілмеу себебін айтудан бас тартқан. 

Еске сала кетсек, Әсия Байғожина - танымал деректі фильмдердің режиссері. Киногер бұған дейін 1991 жылы Желтоқсан оқиғасын сипаттайтын «Жарияланбаған демонстрация хроникасы» фильмін түсірді. Одан бөлек «Динмухамед Кунаев», «Хроники жизни и смерти», «Желание света», «Амен Хайдаров. Сказочные хроники», «В поисках веры» фильмдерінің режиссері.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды