1349

Шавкат Рахмонов өткен жекпе-жегінде 141 млн теңге табыс тапты

UFC 296 жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов $306.000 гонорар алды.

Шавкат Рахмонов өткен жекпе-жегінде 141 млн теңге табыс тапты
ашық дереккөзден

Smart News басылымының хабарлауынша, Шавкат Рахмонов UFC - де 296 - $306.000 табыс тапты. Теңгемен бұл қазіргі бағам бойынша 141 миллион теңгені құрайды.

БАҚ өкілдері бұл сандар қате болуы мүмкін дегенмен, жария болған гонорар көлемі мынадай:

Леон Эдвардс - $1.642.000

Александр Пантожа - $942.000

Колби Ковингтон - $782.000

Коди Гарбрандт - $511.000

Стивен Томпсон - $416.000 (Шавкаттың соңғы қарсыласы)

Шавкат Рахмонов - $306.000

Пэдди Пимблетт - $304.500

Тони Фергюсон - $271.000

Джош Эммет - $261.000

Брэндон Ройвал - $182.000

Шамиль Газиев - $66.000

Тагир Уланбеков - $34.500

Шавкат Рахмоновтың бұл табысы үшке бөлшектелген. Мәселен, жекпе-жекке шыққаны үшін - $150.000, жеңгені үшін - $150.000, демеушілік бонустары үшін - $6000 доллар берілді.

Еске сала кетсек, 16-нан 17 желтоқсанға қараған түні Лас-Вегаста UFC 296 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) америкалық спортшы Стивен Томпсонмен (17-7-1) кездесті.

Лас-Вегастағы жекпе-жекте бой көрсеткен Шавкат Рахмонов екінші раундта-ақ қарсыласын сұлатып салды. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА спортындағы он сегізінші кәсіпқой жекпе-жегін, ал UFC-дегі алтыншы кездесуінде жеңіске жетті. Спортшы қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.

Айта кететін жайт, Джефф Нилмен жекпе-жектегі табыс туралы ресми ақпарат бар. Шавкаттың өзі ол кезде шамамен $200,000 алғанын айтқан (шығу және жеңу үшін төлемдер, орындалмаған салмақ үшін қарсыластың айыппұлы және $50,000 бонус ретінде берілген).

Материал авторы