Ақтаулық студент Бахрейндегі Халықаралық байқауға Қазақстан атынан қатыспақ

Yessenov University студенті Бахрейнде.

Ақтаулық студент Бахрейндегі Халықаралық байқауға Қазақстан атынан қатыспақ
Ғылым және жоғары білім министрлігі

Smart News басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында Huawei компаниясы ұйымдастырған «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Yessenov University «Ғылым және технологиялар» факультеті «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Өтебай Оралбай байқау нәтижесі бойынша 1-орынға ие болды. 

Huawei Академиясының ICT АКТ нұсқаушысы, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Жилкишбаева Гүлназ Сейтбекқызы да «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» сертификатымен марапатталды.

2023 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткен ICT Competition іріктеу турына Қазақстанның 25-тен астам университет өкілдері қатысты.

Өтебай Оралбай жарысқа Computing track бағытында бақ сынады. 

Computing Track бағыты заманауи технологиялардың кең спектрін қамтиды, соның ішінде бағдарламалау, желілік технологиялар, бұлтты есептеу және заманауи ақпараттық технологиялардағы құзыреттердің кең ауқымын көрсететін басқа да салалар бар.
Оралбай байқауда ұсынылған күрделі тапсырмаларға қатыса отырып, желілік технологиялар саласындағы тамаша білімі мен дағдыларын көрсетті. Оның қатысуы Yessenov University студенттерінің білімі мен дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.
Жеңімпаз студент ұйымдастырушылар ұсынған медальмен, сертификатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, Computing Track бағыты бойынша Yessenov University үздік студенті Өтебай Оралбай 2023 жылғы 18-21 желтоқсан аралығында Бахрейнде өтетін Халықаралық байқауда Қазақстанның атынан қатысуда.

Материал авторы