Биыл 19 476 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді

19.12.2023, 11:33
871
Биыл 19 476 этникалық қазаққа қандас мәртебесі берілді qandastar.kz

Қандастарға мемлекеттен қандай қолдау жасалады?

Smart News басылымының хабарлауынша, биыл қандас мәртебесін иеленген этникалық қазақтардың саны белгілі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. Ал жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,9%) Өзбекстаннан, 19,6% – Қытайдан, 10,8% – Моңғолиядан , 8,5% – Түрікменстаннан, 7,2% – Ресейден және 2% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша
15,3%-ы жоғары білімді, 33,6%-ы орта кәсіби білімді, 42,8%-ы жалпы орта білімді, және 8,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қандастарға мемлекеттен қандай қолдау жасалады?

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 1630 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген. Атап айтқанда, 614 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1630 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады