Маңғыстау облысының әкімі: адай жылқысы Қазақстанның ұлттық брендіне айналуы тиіс

19.12.2023, 17:48
847
Маңғыстау облысының әкімі: адай жылқысы Қазақстанның ұлттық брендіне айналуы тиіс ашық дереккөзден

«Адай» тұқымы жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру шеңберінде бірнеше шаралар ұйымдастырылды

Smart News басылымының хабарлауынша, 18 желтоқсанда Маңғыстауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев адай тұқымды қазақ жылқысын асыл тұқымды ретінде тану мақсатында құрылған арнайы мемлекеттік комиссиямен кездесу өткізген.

«Адай» тұқымы жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру шеңберінде бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

Кездесу барысында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев адай жылқыларының тұқымы халықтық селекцияның арқасында және сан ғасырлық табиғи іріктеудің нәтиежесінде болғанын атап өтіп, осы мәртебені алудың маңыздылығын айтты.

- Адай жылқы тұқымы Қазақстан аумағында ертеден қалыптасқан. Сан ғасырлар бойы қатаң климаттық жағдайлар мен көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабамызға қызмет еткен бұл жануарлар табиғи сұрыптаудың негізінде қалыптасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз Адай жылқысына дербес жылқы тұқымы мәртебесін беру үшін бірлесіп үлкен жұмыс жасадық. Патент алу-бұл жұмыстың маңызды кезеңі, бірақ жұмыстың көп бөлігі әлі алда екенін түсіну маңызды. Барлық процестер халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес келуі керек. Бұл процеске фермерлер мен комиссия мүшелерінен бастап, федерация, қауымдастық және атқарушы органдардың өкілдері жауапты. Президенттің тапсырмасы бойынша біз адай тұқымды қазақ жылқысын Қазақстанның ұлттық брендіне айналдыруға тиіспіз. Адай жылқысына мемлекеттік мәртебе беру, облыс үшін де жалпы еліміз үшін де бірқатар артықшылықтар береді. Бұл тұқымның бірегей генетикалық қасиеттерін және аймақтың мәдени мұрасын сақтау, тұқымның сапасы мен сипаттамаларын жақсартуға бағытталған селекциялық бағдарламаларды дамыту. Сондай-ақ, елімізге халықаралық туристер тарту және халықаралық турнирлерге қатысу мүмкіндіктері, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті