«Таптым-ау сені» фильмнің табысы 1,5 млрд теңгеден асты

19.12.2023, 17:20
2607
«Таптым-ау сені» фильмнің табысы 1,5 млрд теңгеден асты Фото: Kinopark-Kinoplexx Theatres

Үш апта ішінде бұрын соңды біздің елдің «киноөндірісі» көрмеген рекорд орнады.

«Таптым-ау сені» романтикалық комедиясы прокатқа шыққан үш апта ішінде (1.12.2023-18.12.2023) бұрын соңды біздің елдің «киноөндірісі» көрмеген биіктікке қол созды.  Фильмнің жалпы табысы 1,5 млрд теңгеден асып, бұған дейін 1,3 млрд теңгемен көш бастаған «Бизнес по-казахски» франшизасын қысқа уақытта басып озды. Бұл бұрын шыққан қазақ фильмдері арасында кассалық табыс бойынша, жаңа абсолютті рекордты көрсеткіш.  

Фильмдегі басты рөлдерді Олжас Абай мен жұртшылыққа Айсара рөлімен танылып, соңынан продюсерліктің тізгінін ұстаған Дариға Бадықова сомдады.

Фото: Андрей Лунин

Фото: Андрей Лунин

«Біз қазір кинокеңістікте жаңа жұлдыздың туғанын көрдік. Жаңа жұлдыз жанғанына куәміз.  Осы жетістігімен Дариға Бадықованы құттықтаймыз. Ол, әйелдерге тән нәзіктіктің де, ер азаматтар қайнап жатқан «қазанда» революция жасай алатынын дәлелдеді. Жалпы, қазақтың түпкі тарихындағы, біз бүгін ұмытқан «әйел еркіндігі», қандай ауырлықты болсын еркекпен тең көтеріп,   қажет болса қолына қару да алатын «мықтылығы» міне дәлелденіп жатыр. Дариға жаңа рекорд орнатып қана қойған жоқ, бұл салада «бұзылмас рекорд» қойдық деген біраз жігіттердің белін сындырды. Табыс табу жағынан әрине.  Ал енді,  бұл рекордты бұзуға көп жылдар кететін сияқты. Дегенмен уақыт төреші.  Біз, өз тарапымыздан осы фильмді қысқы демалысқа дейін көрсетпекшіміз. Сол арқылы Дариға ханымға, кассалық табысты 2 млрд теңгеге дейін жеткізуге көмектесеміз деп жоспарлап отырмыз», - дейді Kinopark-Kinoplexx Theaters компаниясының басшысы Алмаз Малдыбаев.

Сюжет бойынша Сəуле мен Жексен бір ауылда тұратын достар. Жексеннің əжесі үйленбей жүрген немересіне «қыз тауып бер» - деп Сəулеге бұйымтайын айтады. Сəуле көмектесуге келіседі. Бірақ Жексенге: “Қандай жағдай болмасын достығымыз бұзылмасын” деп серттеседі. Жексенге ұнайтын қыз табылып өмірі өзгере бастайды. Дұрыс киініп, өз-өзіне қарап, тіпті Сəулемен кездесуі сирей түседі. Оның бұлай өзгергеніне ашуланған Сəуле де тұрмысқа шығамын деп, Юсуфтің ілтипатын қабылдайды. Бір күні Жексен мен Сәуле ұрысып қалып, Жексен ашумен Алқа есімді қызға үйленуге шешім қабылдайды

Ал, біздің көрермен бұл романтикалық оқиғаның қалай аяқталатынын кинотеатрлардан көре алады. Себебі,  «бұзылмас рекорд» орнатқан фильм әлі де прокатта. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады