757

Әлия Назарбаеваға қатысы бар «РОП Оператор» толығымен мемлекетке өтті

Бұл туралы Экология министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Әлия Назарбаеваға қатысы бар «РОП Оператор» толығымен мемлекетке өтті
orda.kz

Smart News басылымының хабарлауынша, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бар «РОП Оператор» компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

«РОП бүгінде 100 пайыз мемлекеттік кәсіпорын. Бұған дейін бұл жеке кәсіпорын болған және оның (Назарбаеваның - ред.) кәсіпорны болған шығар, мен нақтысын білмеймін. Бірақ бүгін ресми түрде қалдық өңдеумен айналысатын кәсіпорынның Назарбаеваға ешқандай қатысы жоғын мәлімдеймін», - деді Нысанбаев.

Бұған дейін БАҚ-та компанияның Назарбаеваға тиесілі екені жиі айтылатын. Бірақ іс жүзінде негізін қалаған Әлия Назарбаеваның көмекшісі Шынар Мұқтарова боп шықты. Ол шілдеде Интерполдың көмегімен БАӘ-ден Қазақстанға жеткізіліп, 920 миллион теңге шығынды өтеді. Қарашада шартты түрде 7 жылға сотталды.

Материал авторы