«Мәйіт қаздырып, азаптаған». Ринат Зайытов полициядан қорлық көрген халықтың мұңын жеткізді

20.12.2023, 14:27
2049
«Мәйіт қаздырып, азаптаған». Ринат Зайытов полициядан қорлық көрген халықтың мұңын жеткізді parlam.kz

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қазақстандықтардан полиция қызметіне көп шағым түсетінін айтты. Бұл туралы Halyq Uni хабарлап отыр.

Ринат Зайытов депутаттық сауалын Бас прокурор Берік Асыловқа жолдады.

«Қазақстан өз билігін күштік құрылымдарға пәрменді есірсін деп емес, ескерсін деп береді. Халықты қорласын деп емес, қорғасын деп береді! Сондықтан бүгінгі шұғыл сауал жолдауымыздың себебі – қарапайым халықтың үнін, мұң-мұқтажын, талап-арызын сіздерге жеткізудің соңғы амалы. Өйткені шарасыз халық депутаттарға соңғы инстация ретінде, басқа органдардан көмек болмағасн соң ғана жүгінеді», - деді Ринат Зайытов.

Ринат Зайытов депутаттардың атына өңірлердегі күш құрылымдары қызметкерлерінің әрекетіне шағым жиі түсетінін жеткізді.  

«Оларға Алматы, Шымкент, Өскемен, Семей, Жаңаөзен және тағы басқа қалалардан түскен бірқатар шағымды жатқыза аламыз. Онда Ата заңымызбен бекітілген, адам және адамның өмірі, оның құқығы мен бостандығын қорғау сияқты айрықша құқыққа ие – күш құрылымы қызметкерлері өздерінің «жедел іздестіру іс-шараларын» жамылып, жеке мақсатта әрекет ететіндері мәлімделіп жатыр», - деді депутат.

Депутат айтқан сөзіне нақты мысалдар келтірді.

«Шымкент қаласының тұрғыны, жалғыз басты ана – А.А. Мамаеваның және оның ұлы алаяққа тап болып, шамамамен 4 млн теңгесінен айырылған. Олар Шымкент қаласы Еңбекші ауданының полиция басқармасына арызданған.

Өтініш иесінің айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен таныстығының арқасында, айыпталушының үстінен қозғалған қылмыстық іс, белгісіз себептермен бірнеше рет тоқтатылған. Содан кейін жәбірленуші мен оның ұлына ашық түрде қоқан-лоқы көрсетілген. 2021 жылдың тамызында қозғалған іс бүгінге дейін сотқа жетпеген.

Сонымен қатар қоғамдық қабылдауға келген Өскемен қаласының тұрғыны З.А.Тотанованың арызына тоқталайын. Бұл жағдай тіптен ойға қонымсыз. Оның айтуынша, жәбірленушінің өзіне өңірдегі күш құрылымдарының қызметкерлері тірідей мәйіт қаздырып, азап көрсеткен. Осындай істі сотқа дейін жеткізбеу, не тіпті іс қозғамау, билігін асыра пайдалану және тағы да сол сияқты іс-әрекеттер туралы менің осындағы әріптестерім де айта алады.

Сондай-ақ Ішкі істер министрлігіндегі «оборотень в погонах» қызметтік мансабын асыра пайдаланып, қыздарды зорлау фактісімен өздері ұсталып отыр. Осы ретте бұларға сенім қайдан болсын?!», - деді Ринат Зайытов.

Депутат құзыретін қылмысты азайту үшін емес, табысын көбейту үшін пайдаланатын қызметкерлерге шара қолдануды айтып, Бас прокурордан көмек сұрады.

Осыған байланысты құқық қорғау саласындағы жекелеген бассыздықты жою үшін Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппараттарының өкілдерінен Тұрақты әрекет ету тобын құруды, аталған топқа қылмысы дәлелденген күштік құрылым қызметкерлерінің құзыретінде болған істерді қайта қарап, шын кінәлілерді анықтауды ұсынамыз, - депутат.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды