Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады

20.12.2023, 16:30
657
Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялады gov.kz

Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2026 жылды Орнықты даму мақсатында халықаралық еріктілер жылы деп жариялаған қарарды қабылдады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Халықаралық еріктілер жылын жариялау туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен 2020 жылы Бас Ассамблеяның 75-сессиясының жалпы саяси пікірталастары барысында көтерді.

Қазақстан бұл қарарды әлемнің барлық аймақтарынан пікірлес елдерімен – Армения, Боливия, Германия, Кения және Кирибати аралдық мемлекетімен бірлесіп ұсынды. Бұл құжаттың тең авторлығына БҰҰ-ға мүше 54 мемлекет қосылды.

Халықаралық жыл аясындағы іс-шаралар волонтерлік қозғалысқа ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде қуатты серпін береді, еріктілер қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және оны одан әрі дамытудың негізгі векторларын айқындауға үлес қосатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде волонтерлік қызметті дамытуға ерекше мән беріп, оны Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі деп санайтынын атап өту қажет.

Мемлекет басшысының пікірінше, еріктілер – өз елінің шынайы патриоттары – адамгершілік құндылықтарды бәрінен жоғары қойып, мемлекет пен қоғам арасында сенімді серіктестікті нығайтуда ерекше рөл атқарады. Жанқиярлық пен мейірімділік қазақ халқына тән қасиет екенін атап өткен ҚР Президенті бұл қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңірудің маңыздылығын бірнеше рет баса айтты.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы болып жарияланып, 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлік қызметті дамытудың жол картасы қабылданды. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде еліміздегі еріктілер саны 200 мың адамға жетті. Қазақстандық жастар әлемнің әртүрлі елдерінде БҰҰ еріктілері ретінде қызмет істейді.

2023 жылғы 20-21 шілдеде Астанада Мемлекет басшысының, БҰҰ-ның жоғары лауазымды өкілдерінің және әлемнің 30-дан астам елінен келген волонтерлердің қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумының ұйымдастырылуы еліміздің жаһандық еріктілер қозғалысындағы маңызды рөлін тағы да растады.

Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Ер адам өзінің екі жасар қызын көлігімен басып өлтірді Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті