Қазақстан Сауд Арабиясында инновациялық хаб ашуды көздеп отыр

21.12.2023, 13:25
864
Қазақстан Сауд Арабиясында инновациялық хаб ашуды көздеп отыр gov.kz

Бүгін Сауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта Қазақстан-Сауд арабиясы үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шара аясында ресми хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес тараптар бірлескен инновациялық хаб ашуға ниетті.

Эр-Риядта бірлескен инновациялық хаб құру қазақстандық IT-шешімдер мен стартаптарды әлемдік нарықтарда, атап айтқанда араб елдерінде халықаралық ілгерілетуді қолдаудың негізгі кеңейту тетігі болады.

Инновациялық хаб Қазақстаннан дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды Сауд Арабиясына тартуға және венчурлық қорлардан бастапқы инвестицияларды ұсыну, инкубациялау және жеделдету бағдарламалары, бұл салада тәжірибемен және құнды білімдермен алмасу арқылы олардың осы аймаққа қоныс аударуы мен бизнесін кеңейтуге қолдау көрсетуге қызмет ететін болады.

«Біз саудиялық тарапты бірлесіп тәжірибе алмасуға және қарқынды аймақаралық технологиялық экожүйені құру бойынша қадамдар жасайтын инновациялық орталық құруда күш біріктіруге шақырамыз», - деді Цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.

Сондай ақ ол өз сөзінде қатысушыларды 2024 жылдың 1-3 ақпан Алматы қаласында өтетін 6-шы халықаралық Digital Almaty форумына шақырды. Форум цифрлық күн тәртібін шешуге арналған дәстүрлі пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді, жаhандық мүдделі тараптар, саясаткерлер мен сала көшбасшылары арасынла конструктивті диалог пен ынтымақтастықты ілгерілетеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді