Германия қымызды патенттеп алғаны рас па

21.12.2023, 15:31
761
Германия қымызды патенттеп алғаны рас па 7kun.kz

Германияда қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана патент бар. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

«Қазір қоғамда дәстүрлі сусынымыз – қымызға қатысты алып-қашпа әңгімелер көп. Тіпті кейбір ақпарат құралдарында қымызды Германия патенттеп алыпты деген әңгіме де бар. Осы орайда Германияда қымыз бен бие сүтіне, яғни саумалға ешкім патент алмағанын атап өткім келеді. Иә, шынында да, Германияда патенттер бар, бірақ қымызға емес, оны өндіру әдістеріне ғана. Қымыз Германиянікі деген түсінік еш уақытта болмайды. Өйткені, қымыз тек Қазақстанда емес, Орталық Азия елдерінде өндіріледі. Ол бір елдің өнімі деп патенттелмейді», - деді Талғат Уәли.

Ресми өкілдің атап өтуінше, Германияда қымыздың құрғақ ұнтағынан капсула немесе түйіршіктелген түрлерін жасауға патент берілген.

«Ал Қазақстанда ұлттық өтінім өндірушілерге қымыздың өзіне емес, таблеткадағы қымызға, сондай-ақ кептірілген бие сүтіне, яғни өндіру әдістеріне патент берілді», - деді ол.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты