Buketov University-де алғашқы термо-жылыжай және дендробақ ашылды

21.12.2023, 18:48
659
Buketov University-де алғашқы термо-жылыжай және дендробақ ашылды gov.kz

Бүгін Қарағанды Бөкетов университеті биология-география факультетінің аумағында бірегей жерасты термо-жылыжайының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, университет ректоры Нұрлан Дулатбеков және факультет декандары қатысты. Биология-география факультетінің деканы Серікболат Талжанов жылыжай ішінде таныстыру жұмыстарын жүргізді. «Жылыжай бір ай бұрын жұмыс істей бастады. Осы уақыт ішінде біз гүлдер мен көкөністерді отырғызып үлгердік. Аяз кезінде байқағанымыз, Қарағандыда -28 градус болғанда, жылыжайда температура +25 градусқа жетті. Осыған байланысты, жаңа жылда егін көлемін арттыратын боламыз», - деп аталмыш жобаны жүзеге асыру үлкен жетістік екенін атап өтті декан Серікболат Талжанов.

Buketov university – республикамыздағы білім беру және ғылыми-зерттеу нысандарын дамытуға бағытталған жоғары оқу орындарының бірі. Университет қолданыстағы инфрақұрылымды үнемі дамытып отырады. Бағдарлама аясында 270 шаршы метрлік жылыжай және қызметкерлер мен білім алушылар үшін аллеялар мен демалыс орындар құрылысын сала отырып, университеттің бас ғимараты мен биология-география факультеті арасындағы аумақты абаттандыру бойынша жобаны қолға алып, іс жүзінде жүзеге асыруда.

Аталмыш жоба міндетінің бірі – агротехнологияларды дамыту арқылы, білім беру, өндірістік база құру, сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы қоғамдық орындар жасау.

Жылыжайдың ерекшелігі – ол жер бетінде емес, жер астында 2,5-3 метр тереңдікте салынған, еден мен қабырғаны қыста жылы ауамен, температураны +5-10 градустан төмендетпей бір қалыпта ұстауға мүмкіндік береді, Нәтижесінде энергия тұтыну мен жылу шығынының төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, қыста жылыжайды жылыту үшін жазда салқындатып, көлеңкелеу үшін кететін шығындар азаяды. Бұл жағдайда өнімділік 2-3 есе артатынын байқауға болады.

Университет аумағын абаттандыру жөніндегі жобаның басты міндетінің бірі білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы қоғамдық орындарын құру ғана емес, сондай-ақ кампус пен қаланы көгалдандыруда пайдаланатын өсімдіктердің түрлік құрамын кеңейту үшін орталық Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген жеміс-жидек дақылдарының топтамасын қалыптастыру.

Осылайша, жоба университеттің мақсатты міндеттерімен сәйкес келетінін байқаймыз. Жаратылыстану-ғылыми факультеті білім беру және қолданбалы өндірістік міндеттерді даярлауға бағытталған кешенді жобаларды әзірлеуде ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындау үстінде.

Биология-география факультетінің аумағын абаттандыру аясында шамамен 2 га көлемде 700 – ден астам қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты өсімдіктер, 200 пирамидалық терек, 60 тал, сондай-ақ шырша, қайың, үйеңкі, алма ағаштары, долана, жабайы алма ағаштары және т.б. отырғызылды. Барлық өсімдіктерге мұқият күтім жасалуда.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды