"Құлағы, басы жарылған". Алматылық қыз бірнеше күн сексуалдық құлдықта болған

21.12.2023, 19:22
6507
"Құлағы, басы жарылған". Алматылық қыз бірнеше күн сексуалдық құлдықта болған Видеодан алынған кадр

Құлдықта болған алматылық қыз басынан өткен оқиғасы айтып берді. Айтуынша, әлдекімдер оны ұрлап әкетіп жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Алматылық қыз құлдықта болған кездерінде аямай соққы жеген. Жәбірленуші қыз қашып кетіп, полицияға жүгінген. Притонды басып алуға тура келген. Жеке үй иелері басқа да қыздарды мәжбүрлеп ұстағаны белгілі болды, деп хабарлайды Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Құлдықта болған қыздың құлағы жырылып, басы жарылып, денесі көгеріп кеткен. Алматылық қыз телеарна тілшілері келген кезде бетін жабуға тырысқан. Айтуынша, қыз бірнеше күн бойы сексуалдық құлдықта болған. Ол бірнеше күн бойы зәбір көріп, интим қызмет ұсынуына тура келген. 

Алматылық арудың сөзінше, оқиға бірнеше апта бұрын болған. Ол әдеттегідей жұмыстан шығып, үйге қайтып келе жатқан. Бір сәтте көлік тоқтап, ішінен ер адамдар шыққан. Олар қызды күштеп көлікке салып, жеке үйге алып кеткен. 

"Олар маған "Жезөкше боласың. Егер келіспесең ата-анаңа сен немен айналысып жүргеніңе дәлел болатын құжаттар көрсетеміз" деді", – дейді алматылық қыз.  

Ол үйіне оралмағандықтан, жақындары алаңдап, іздей бастаған. Қоңырау шалғанымен тұтқаны ешкім алмаған. Бірнеше күннен кейін алматылық қыз байланысқа шығып, қайда жүргенін айтқан. Жақындары оны құтқарудың амалын іздей бастаған. 

"Естуімше, ол жерде басқа қыздар да бар. Тіпті, қыздарды заңсыз, мәжбүрлеп ұстап жүр. Оларда үйдің артынан кіретін есік бар екен. Сол жерде әдейі тұрдым және қыздарды ұрып, олардың айғайлаған дауысын естідім".  

Алматылық қыз бен жақындарының әр күні бүгінде қорқынышпен өтеді. Ол құлдықта болған үйді полицейлермен бірге барып көрсетуге ғана келіскен. Көршілердің сөзінше, ол үйде бірнеше уақыттан бері притон ұйымдастырылған. Үй иелері полицейлерді кіргізуден бас тартқан. Қосымша наряд шақыруға тура келген. Артынша полицейлер ақыры үйге кірген. Ол жерде жеңілжүрісті бірнеше қыз жүрген. Үйде тұрған барлық адам істің мән-жайын анықтау үшін ұсталған. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты