Атырауда екпе алған әйел тілге келместен көз жұмды

22.12.2023, 14:48
765
Атырауда екпе алған әйел тілге келместен көз жұмды canva.com

Атырауда ем-шара кабинетінде екпе қабылдаған әйел сол жерде қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлап отыр.

КТК телеарнасының мәліметінше, қайғылы оқиға қаладағы №1 емхананың Авангард ықшамауданындағы бөлімшесінде болған. 51 жастағы науқас таңертең дәрігердің нұсқауымен егу кабинетіне барған. Ондағы мейірбикелер нұсқаулықтағы кавинтон дәрісін еккен. Осы кезде науқас есінен танып құлаған. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, марқұм тіл тартпастан кетіпті.

Емхана басшылары бұл анафилактикалық шок болуы мүмкін дейді. Өйткені екпе саларда алдын ала сынама жасалмапты. Марқұм бұрын-соңды қандай да бір аурумен диспансерлік есепте де болмаған. Тек жақында құлағы ауырып лор маманына қаралып жүрген. Ондағы дәрігер сурдологқа жіберген. Науқас жеке сурдологқа қаралып, маманның тағайындаған емі бойынша емхананың егу кабинетіне барған екен.

Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның туыстары жауапты органдарға арызданған. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жоспардан тыс тексеру басталғанын айтты.

"Қандай себеп, қандай жағдай болғанына сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Нақты диагнозы мен өлімнің себебі сол сараптамадан кейін белгілі болады. Бірақ біз алдын ала деп айтамыз, бұл дәріге анафилактикалық шок деп ойлап отырмыз", – дейді №1 емхана өкілі Дина Кемелова.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды