Астанада ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды

22.12.2023, 15:27
724
Астанада ЖЭО-3 және екі газ жылу станциясының құрылысы аяқталды gov.kz

Биыл Астанада бірқатар инфрақұрылым нысаны салынып, пайдалануға берілді. Олар – «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңі, ЖЭО-3-тің бірінші кезеңі және ауыз су станциясы (НФС-3). Бұл туралы smartnews.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жылумен және сумен жабдықтау мәселелері қалай шешілетінін айтты.

«Өткен жылыту маусымында 432 Гкал жылу тапшы болды. Биыл үш жылумен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталғандықтан, жағдай керісінше, профицитке шығып тұр. Мысалы, қазан айында ЖЭО-3-тің бірінші кезеңінің құрылысы аяқталды, ол құрылысы ұзаққа созылған нысанға айналған болатын. Аталмыш жылу электр орталығында барлық төрт қазандық жұмыс істейді. Бұл қалаға сағатына 440 Гкал береді. ЖЭО-3 сол жағалаудың бір бөлігін және жаңа салынып жатқан аудандарды жылумен қамтиды.

Сондай-ақ, жаңа қуаттар жаңа энергия көздеріне іске қосылды. Бұл газ жылу станциялары (ГЖС) Қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары мен «Тұран» бірінші кезеңінің қуаты сағатына 700 Гкал құрайды. Бұл ЖЭО-3 қуатынан екі есе артық», - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

«Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясы «Бағыстан», «Мыңжылдық аллеясы» тұрғын үй кешендерін, қаланың сол жағалау бөлігін жылумен қамтамасыз етеді. Ал «Тұран» газ жылу станциясы қаланың сол жағалауында құрылысы жүріп жатқан жаңа аудандарды қамтиды.

Келер жылы ең алдымен «Телман» газ жылу станциясын және екінші кезекте «Тұран» газ жылу станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл қаланы тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осылайша алдағы 5 жыл ішінде резервтік жылу қуатын қамтамасыз етеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды