«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің төртінші легінің тізімі жарияланды

22.12.2023, 16:28
870
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің төртінші легінің тізімі жарияланды gov.kz

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 167 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Оның ішінде 131 адам магистратурада, 4 адам докторантурада оқиды, 32 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Бұл ретте стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бейін бағыттары бойынша даярлықтан өтеді. Оқыту 66 мамандық бойынша жүргізіледі.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша инженерлік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Инженерлер мен медицина қызметкерлеріне, магистратураға үміткерлерге квоталар енгізілді. Олар оқуды бастамас бұрын 12 айға дейін тілдік дайындықтан өте алады, ол үшін стипендияға өтініш берген кезде университеттен шақыру қажет емес.

«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында Мемлекет басшысы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен, геологиялық барлау, IT-сектор, креативті индустрия және т. б. үшін кадрлар даярлау жөнінде тапсырмалар берді. Бұл бағыттар сұранысқа ие және өзекті, біз үміткерлер санын көбейту, шәкіртақы алу және осы бағыттар бойынша мамандарды дайындайтын ЖОО іздеу жұмыстарын жүргіздік», - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрайымы Әлия Оспанова.

Үміткерлер University of Aberdeen, University of Illinois at Urbana-Champaign, Australian National University, University of Oxford сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті. «Ақпараттық технологиялар және жүйелер», «Үлкен деректерді талдау», «Құрылыс инженериясы» және «Геология. Тау-кен ісі. Геодезия» сияқты мамандықтар үміткерлердің үлкен қызығушылығын тудырады.

Сондай-ақ, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 481 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иегері атанды. Стипендиаттар 9 бағыт бойынша зерттеулер жүргізеді: инженерлік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық сала, агроөнеркәсіптік кешен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, білім, медицина, өнер.

Төменде көрсетілген сілтеме бойынша тізіммен танысуға болады:

https://bolashak.gov.kz/kz/stipendiya-iegerleri

Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен