Елордада LRT құрылысы белгіленген мерзімінде аяқтала ма

22.12.2023, 16:51
853
Елордада LRT құрылысы белгіленген мерзімінде аяқтала ма Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда көшелеріндегі көлік кептелісін азайту үшін қандай шаралар қолға алынғанын мәлім етті. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

«LRT жұмыстары биыл басталды, енді біздің жоспарымыз бойынша 2,5 жыл ішінде құрылыс аяқталады. Бұл көлік кептелісі мәселесін шешуге үлкен үлес қосады деп есептейміз. Биыл әл Фараби – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында жаңа көпір салдық. Ол Түркістан, Ақмешіт көшелері мен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік кептелісін 15-20 пайызға азайтты» - деп жауап берді әкім бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Келесі үлкен көпір – Рэдиссон қонақ үйі мен М. Нәрікбаев университетінің арасында салынады. Оның құрылысы күзде басталып, екі жылда аяқталады. Ол Қорғалжын тасжолы мен Тұран даңғылындағы кептелісті азайтады.

«Сондай-ақ келесі жылы Қабанбай батыр даңғылына шығатын Тәуелсіздік даңғылының жалғасы салына бастайды. Ш. Айтматов көшесінің ашылуы Сығанақ көшесі мен Ұлы дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылындағы көлік жүктемесін айтарлықтай төмендетті, бұл көлік жүктемесінің 12% төмендеуіне әкелді. Сонымен қатар шағын айналма жолдың құрылысы жүріп жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді