Қажылыққа баратын жол қысқарады

22.12.2023, 17:50
761
Қажылыққа баратын жол қысқарады туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласында өткен Қазақстан мен Сауд Арабиясы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының алтыншы отырысына қатысты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Пленарлық отырыста Ержан Еркінбаев елдер арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың кеңейгенін атап өтті. Мәселен, келесі жылдан бастап Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында аптасына екі рейс жасайтын «Алматы-Джидда» бағыты бойынша тікелей әуе қатынасы ашылады.

Біз – жергілікті БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер және Сауд Арабиясының туристік компаниялары үшін еліміздің туристік әлеуетін көрсету мақсатында ақпараттық тур ұйымдастыруды ұсындық. Бұл – Сауд Арабиясының азаматтарына Қазақстан табиғатының көркем пейзаждарын өз көзімен көруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ержан Еркінбаев.

Жиын соңында Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев отырыстың барлық қатысушысын 2024 жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалауға шақырды.

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды