852

Павлодарда зейнеткерге медициналық қызметті дұрыс көрсетпеген мамандар тексеріледі

Павлодарда зейнеткерге медициналық қызметті дұрыс көрсетпеген мамандардың жұмысы тексеріледі. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлап отыр.

Павлодарда зейнеткерге медициналық қызметті дұрыс көрсетпеген мамандар тексеріледі
pixabay.com

Әлеуметтік желіде видео жарияланған. Онда егде жастағы әйелді көліктің еденіне жатқызып, ауруханаға апара жатқанын көруге болады.

Видео авторының айтуынша, зейнеткерді ауруханаға жеткізуге көлік табылмаған. Оған МРТ-ге түсу керек болған.

Әженің артық салмағы болған соң көліктің еденіне көрпе төсеп апаруға тура келді.  Бұл – 21 ғасыр. Не деген масқара? Мал сияқты жерге тастады, еденде жатыр, - деді желі қолданушысы. 

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мен №1 қалалық аурухана әкімшілігі бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ мұндайға жол берген қызметкерге қатаң шара қолданылатыны белгілі болды.