3183 Ваучер Tech Orda бағдарламасы бойынша берілді

22.12.2023, 18:59
737
3183 Ваучер Tech Orda бағдарламасы бойынша берілді gov.kz

2021 жылы Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен Tech Orda бағдарламасы алғаш рет іске қосылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бұл бағдарлама IT саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған және осы салада жеке тұлғаларды оқытуға қаржыландыруды көздейді. Ол веб-әзірлемелерді,  3D дизайнын, бағдарламалық жасақтаманы, мобильді қосымшаларды құруды, сондай-ақ Big Data және Blockchain сияқты салаларды қамтитын басым секторлардың барлық спектрін қамтиды. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі, ал оқу ұзақтығы 6 айдан 2 жылға дейін созылады.

Бағдарлама шеңберінде іріктеуден өткен әрбір бағдарламалау мектебінде IT-мамандықтар бойынша оқыған әр кандидатқа 600 мың теңге мөлшерінде қаржы бөлінді. 2021 жылдан бастап 6351 ваучер берілді.

Биылғы нәтижелер нарыққа қатысушылардың белсенділігінің, бәсекелестіктің  және IT саласындағы білім беру сапасының артқанын көрсетті. 2023 жылы аккредиттеу процесі аясында мектептерден 18179 квота бойынша 102 өтінім түсті, бұл -  бағдарламалау мектептерінің мамандарды даярлауға деген үлкен сұранысының айқын көрсеткіші. 

Тәуелсіз комиссияның аккредиттеуінен 82 IT-мектеп және 1 IT-компания өтті, олардың 22-нің негізі жаңадан қаланған.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында елімізде IT-саланы дамыту қажеттігін атап өтті. Бұл елімізге заман көшінен қалмауға мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан электронды Үкімет пен финтехті дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарында тұр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)