791

Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келді

Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келді.

Биыл Алматыға 97 мыңнан астам шетелдік келді
polisia.kz

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 97 319 шетел азаматы келген.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 10 977 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 1331 шетел азаматы елден шығарылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған 176 жұмыс берушіге әкімшілік шара қолданылды.