1191

Шымкентте жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Сәбидің денесі «Нұрсат» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шымкентте жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
canva.com

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 100-бабымен қылмыстық іс тіркелді.

«Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде», - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.