819

ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед әл-Арикині қабылдады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады
gov.kz

Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік ынтымақтастығы мен халықаралық ұйымдар аясындағы елдеріміздің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. Барлық деңгейдегі саяси диалогтың жоғары динамикасы мен мазмұндылығын және сауда-экономикалық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың белсенді дамуын атап өтті.

Дипломаттар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP28 климаттық саммитіне қатысу үшін Дубайға жақында жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы пікір алмасты.