Атырауда жол және инфрақұрылым саласына 90 млн теңге залал келтірілген

23.12.2023, 17:17
1863
Атырауда жол және инфрақұрылым саласына 90 млн теңге залал келтірілген qaj.kz

Атырау облысында жемқорлық тәуекелі картасына 9 мәселе енгізілген. Ал, жол және инфрақұрылым саласында 90 млн теңгенің залалы қайтарылған. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, «Бизнеске жол» жобасы аясында 500-ге жуық кәсіпкермен кездесу өткізілген. Кәсіпкерлер тарапынан 81 өтініш түскен. 

«Мемлекеттік аппараттың алдына азаматтардың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету мақсаты қойылды. Сол себептен, агенттік тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы жасақталды. Қазір Атырау облысындағы проблемалық мәселелерге баса көңіл бөлініп, аталған картаға 9 мәселе енгізілді. Бұл – экология, олигополия, жол және инфрақұрылым, медицина, бизнесті қорғау, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй, агроөнеркәсіптік кешен, жылу электр стансалар мен мерзімі ұзаққа созылған құрылыс нысандары», - деп хабарлады Нұрлан Жахин.

Оның айтуына қарағанда, департаменттің ұсынысынан кейін өңірге келген дәрігерлер саны 2 есеге өскен. Дәрігерлер үшін тұрғын үй жағдайы жақсартылған. Ал, олигополия саласында ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналасу кезінде анықталған жемқорлық деректері жойылған. 

«Департамент қызметкерлерінің ықпалымен жол және инфрақұрылым саласында 90 млн теңгеден астам залал қайтарылды. Заң бұзушылықтар жойылып, тиісті жұмыстар орындалды. Бизнесті қорғау мақсатында 900-ден астам кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді. Кәсіпкерлерге шамамен 1 млрд теңгенің берешек төлемдері өтелді», - деп мәлім етті Нұрлан Жахин. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында кәсіпкерлер қандай кедергіге жиі тап болғанын хабарлаған едік. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды