Режиссер Қуаныш Бейсек ел арасында әйеліне қатысты айтылып жүрген пікірлерге жауап берді

24.12.2023, 13:51
3143
Режиссер Қуаныш Бейсек ел арасында әйеліне қатысты айтылып жүрген пікірлерге жауап берді Youtube.com/@vdud

"Ирина Қайратовна" тобы бейнеклиптерінің бас режиссері болған Қуаныш Бейсек ел арасында әйеліне қатысты айтылып жүрген пікірлерге жауап берді. Бұл туралы ол "Замандас" подкастында берген сұхбатында айтты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.

Режиссер биыл актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен шақырақ көтерген болатын. Актрисаның бірінші некесінен ұлы бар. Қуаныш Бейсек ел арасында баласы бар әйелге үйленуге қатысты айтылып жүрген стереотипке қатысты ойын айтты. 

"Бұған үзілді-кесілді қарсымын деп айтпайын. Жоқ мен мұны жаман деп санамаймын. Мен адамды жақсы көремін. Кейбіреулер ондай адаммен бірге бола алмайтын шығар, ал мен оған қарамаймын. Анам да қарсы болмады. Ол тек ол қызбен ұзақырақ араласып көруді ұсынды. "Бір біріңді таныңдар" деп айтты. Батасын берді", - дейді Қуаныш Бейсек. 

Режиссер үйленгеннен кейін өздері туралы түрлі пікір жазылғанын айтты.

"Пікірлерде жазған, бірнәрсе "с прицепом". Сосын гуглдан қарадым, сондай тіркес бар екен. Сұмдық. Неге адамдар үйінде отырып біреудің өмірі туралы айтып, оған баға береді.

Бұл туралы не айтамын. Бұл қалыпты жағдай. Адамдар қателеседі. Өзіне өмірлік жұп таңдайды, бір біріне сәйкес келмегенін түсінеді. Бұл - бірінші күйеуі не әйелі жаман болды деген сөз емес. Олардың махаббатының мұрасы олардың баласы", - дейді режиссер.

Сондай-ақ, ол баланың алдында жауапкершілігі барын айтты.

"Бірақ "мен әке боламын" деп толық жауапкершілікті алып алмаймын, ондай жоқ. Баланың өз әкесі бар, олардың қарым-қатынасы жақсы. Менің міндетім, бізбен жайлы тұруға жағдай жасау. Ол қалаған уақытта анасына, әкесіне келе алуына жағдай жасау. Ол өзіне қысымды сезбеуі керек. 

Қазір қарым-қатынас құру біраз қиындау. Мен Алматыда тұрамын, әкесі де Алматыда. Бала келген уақытта бірден әкесі алып кетеді. Онымен жақын сөйлесе алмай жүрмін. Бірақ бұл уақытша. Ұзақ әрі жақсы қарым-қатынас құруды қалаймын. Мен балаларды жақсы көремін. Мен оларды бөлмеймін", - дейді ол.  

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды