"Ағасының арқасы": Мұхамедали Жүгінісов Қазақстан дауысын жеңуіне ағалары көмектесе ме?

Аиса Махамбет Редактор
24.12.2023, 14:49
4787
"Ағасының арқасы": Мұхамедали Жүгінісов Қазақстан дауысын жеңуіне ағалары көмектесе ме? видеодан алынған кадр

«Қазақстан дауысы» байқауының жартылай финалында «Ағайынды Жүгінісовтер» тобының кіші әншісі Мұхамедали Жүгінісов жобадан кеткісі келетінін айтты.

Smart News басылымының хабарлауынша, «Қазақстан дауысы» байқауының қатысушысы Мұхамедали Жүгінісов жобадан кететінін мәлімдеді. 

«Осы жоба басталғалы менің атыма айтылып жатқан сын өте көп. Олар тіпті еш қатысы, жазығы жоқ отбасыма тіл тигізіп жатыр. Сондықтан жобаны осы жерден тоқтатуды жөн көрдім» деді тікелей эфирде Мұхамедали Жүгінісов.

Күтпеген жаңалықты тәлімгерлер тосырқай қабылдады. Бәрі бір ауыздан Мұхамедалиге қарсылық білдірді.

«Мен сенің тәлімгерің ретінде бұған жол бере алмаймын. Сені жеңіске жетеді деп үміттеніп, осы уақытқа дейін жетелеп, басқа қатысушылардың жолын кесіп, өзіңді жартылай финалға дейін әкелгенде, мынау айтқаның дұрыс емес» деді тәлімгері Жанар Дұғалова.

Кезінде жас әншінің тұсауын кескен композитор Төлеген Мұхамеджанов та үміткерге қолдау білдірді.

«Айналайын, Мұхамедали, тұсауыңды кескен адам ретінде мені сыйласаң, бұл жобада қалуың керек. Арғы жағын халық шешеді. Жалпы, Мұхамедалидің өнерлі отбасында туылғанына, ағаларының атақты әнші болғанына оның түк кінәсі жоқ. Бұл баланың да өз бағын сынап, өз жолын табуына қақысы бар» деді композитор.

Айта кетейік, жартылай финалға дейін қарсыластарын шаң қаптырып келе жатқан Мұхамедали Жүгінісовке әлеуметтік желі қолданушылары «Ағаларының арқасында жеңіп келе жатыр», «Бұрыннан танылып қойған әншіні қатыстырмай, басқа адамдарға жол беруі керек еді» дегендей пікір жазған болатын.

Сонымен, тәлімгерлердің талабымен жобада қалған Мұхамедали Жүгінісов финалға жолдама алды. Алдағы аптада, «Қазақстан дауысы» жобасының финалында Нарқыз Жанұзақ, Азамат Төрехан, Мұса Марат және Мұхамедали Жүгінісов бақ сынайтын болады.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді