Алаяқтар ҚР Премьер-министрінің жалған мәлімдемесін таратуда

24.12.2023, 14:10
726
Алаяқтар ҚР Премьер-министрінің жалған мәлімдемесін таратуда smi24.kz

Әлеуметтік желілерде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге төленетін өтемақылар туралы айтқан видео таратылуда. Бұл фейк.

Видеода Қазақстанда «ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі» комитет құрылғаны айтылады. Бұл жалған. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған емес. Алаяқтар алданған адамдарға көмектесеміз деп осы жарнаманы таратуда, ал шын мәнінде ақшаны «қайтару» қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады.

Нәтижесінде, жосықсыз инвесторлар ұрлаған ақшаны қайтару үшін қайтадан төлеу керек болады.

Осылайша алаяқтар бір кездері алданып қалған адамдарды тағы да құрығына түсіреді.

Мұндай хабарландырулар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тараған болатын. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төлеу туралы айтылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, ақшадан айырылып, кибер-қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіздер және үшінші тарап ресурстарында жеке және банктік деректерді жазып, қалдырмаңыз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне ғана сеніңіздер.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді