"Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой" дейді". Танымал әншінің жұбайы қызық әңгімені баяндады

25.12.2023, 09:37
2218
"Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой" дейді". Танымал әншінің жұбайы қызық әңгімені баяндады ашық дереккөзден

Әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында қонақ болды. Сұхбат барысында әншінің жұбайы ел арасында айтылатын қаңқу сөз туралы айтты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі хабарлап отыр.

Өнер иесінің ұлы Әділет Майғазиев көбіне жұмыстарына, шетелде болуына байланысты отбасылық сәттерде бірге бола алмайтынын жеткізді.

"Есепшімін. Қазіргі таңда өз мамандығыммен басқа мемлекетте жұмыс істеп жүрмін. Жақында ғана келген болатынмын. Әкем "неге отбасылық жиындарға, сұхбаттарға қатыспайсың, ешбір естелік жоқ" дейді. Расында, көбі "бөтен отбасының баласы шығар" деп ойлайтын шығар", - деді Әділет Майғазиев.

Ал Сәкен Майғазиевтің жұбайы тіпті кейбіреулер "Әділетті әншінің бірінші әйелінен туған ұл" деп ойлайтынын айтады. 

"Біздің қыздардың педиатр дәрігері бар. Бір күні "ыңғайсыз болса да бір сұрақ қояйыншы" дейді. "Иә, қойыңыз" десем, "мына жердегі қыздардың бәріне қызық болып жүр. Осы Әділет Сәкеннің бірінші әйелінің баласы екен ғой. Инстаграмнан суреттерді қарасақ, үш қызбен түсесіздер, үш қызбен шетелге қыдырады екенсіздер, Әділетті қоспайсыздар" дейді. Оларға өгей шеше сияқты қоспай жүрген болады екенмін", - деп күлді өнер иесінің жұбайы. 

Айта кетейік, бүгінде әнші жұбайымен бірге бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отыр.

 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды