Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

25.12.2023, 12:26
764
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

– 2003 жылғы шарт қазақ-қырғыз қатынастарының дамуында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Біздің көпжақты мемлекетаралық байланыстарымызды тиімді ілгерілету үшін берік шарттық-құқықтық негіз қаланды. Барлық деңгейдегі белсенді саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы, сондай-ақ екі елдің халықаралық аренадағы тығыз ықпалдастығы – соның айқын дәлелі, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастар одан әрі нығайып, екіжақты ықпалдастықтың орасан зор әлеуеті бауырлас халықтардың игілігі үшін қызмет ете беретініне сенім білдірді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды