ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы сотталды

25.12.2023, 13:46
742
ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы сотталды canva.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Ділмановқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

 

Алматы гарнизонының әскери соты мәлім еткендей, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен басқа да лауазымды тұлғаларға билікті асыра пайдаланды және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылды.

«Д.Е есімді азамат Д.Ділмановқа ҚХР-дан Қазақстанға жүктерді өткізу пункті арқылы ауыстырып тиеудің әзірленген қылмыстық схемасын енгізуді ұсынған. Егер ол сәтті жүзеге асса, ол одан белгілі бір табыс алатыны анықталды. Бақылау пункті арқылы тауарды одан шықпай және жалпы кезекті айналып өтудің заңсыз схемасы енгізілуіне байланысты 1750 реттік рейс жасалды, нәтижесінде ірі шығын келтірілді», - делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлермен, әскери-жарғылық зерттеулермен, сараптамалардың қорытындылары және құжаттық тексеру актілері арқылы дәлелденген.

Прокурор айыпталушыларға мүлкін тәркілеп, 4 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушы Қ. кінәсін мойындамай, әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтауды сұрады.

Дархан Ділманов және басқалар өз кінәларын толық мойындап, істеген ісіне өкініп, жазаның ең жеңіл түрін, ең төменгі жаза түрін тағайындауды, сондай-ақ қосымша жаза түрлерін қолданбауды сұрады.

«Сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, Д.Д.-ға Қылмыстық кодекстің 450-бабы 2-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы етіліді, Қазақстан Республикасының Президентіне Д.Д. «генерал-лейтенант» әскери атағынан, ІІ дәрежелі «Айбын»мемлекеттік наградасынан және «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» құрметті атағынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін», - делінген сот үкімінде.

Айыпталушы Қ. ҚР ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 450-бабы, 366-бабы 3-бөлігі, 1, 2, 4-тармақтарымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Е., ҚР ҚК-нің 55-бабын пайдалана отырып, ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 1, 2, 4-тармақшаларында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған параның 30 еселенген сомасы – 1 267 000 теңгеге – 38 010 000 теңге айыппұл салынды.

Қалған сотталушыларға мүлкі тәркіленбестен 3,5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды