"Қарсы болмады": Өзге ұлттың жігітінен бақытын тапқан Толқын Забирова жан сырын ақтарды

25.12.2023, 14:58
2093
"Қарсы болмады": Өзге ұлттың жігітінен бақытын тапқан Толқын Забирова жан сырын ақтарды tolkynzabirova

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Толқын Забирова жұбайы Сафар Бабаевпен қалай танысқанын айтып берді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі хабарлап отыр.

Әнші Сафар Бабаев "Қазақконцерттің" басшысы болғанда халықтың сүйіспеншілігіне бөленген жандарды сахнаға алып шыққанын атап өтті. 

Бірде түнгі 23.45-те Сафар Бабаевтың өзі телефон шалды. "Сафар Бабаевтың өзі маған хабарласып тұр ма?" деп не отырарымды, не тұрарымды білмей, не істерімді білмей қалдым. Ол менен "Ертең таңғы сегізде біз ұшаққа баруымыз керек, Атырау жаққа гастрольмен, уақытың бар ма?" деп сұрады. Не айтарымды білмей, "әрине бар" дедім. Біз "Тамашамен" бардық. Әртістер концерттен кейін ұшып кетуі керек еді. Бәрімізге бүтін билет болмай, мен қалдым және тағы бір билет жоқ болып тұр. Сафар "ешқандай жұмыстарым жоқ, администратор ретінде өзімнің мойныма алуым керек" деп, ол да қалды. Сөйтіп, біз қалдық. Алла тағала бізді әдейілеп асықпай әңгімелессін, таныссын деп отырғызып қойған шығар. Алматыға бес күн өткеннен кейін ғана келдік қой деймін, - деді әнші "Алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында.

Өнер иесінің туыстары жұбайының басқа ұлт өкілі болғанын қалай қабылдағанын айтты.

Жоқ, қарсы болмады. Әжем бірден "ұлты қазақ болмағанымен, қазақтың өнеріне қаншама үлес қосып отыр" деді. Ол әке-шешесінен ерте айырылды. 1,5 жаста Меркеде туып өскен бала ғой. Балалар үйінде тәрбиеленіп өскен, - деді өнер иесі.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген