Түркістан облысында мүгедекті тонаған ер адамға сот үкімі шықты

25.12.2023, 15:59
1308
Түркістан облысында мүгедекті тонаған ер адамға сот үкімі шықты polisia.kz

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматқа шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен ер адам арызында үйіне белгісіз біреу заңсыз кіріп, күш қолданып, ақшасы мен телефонын алып кеткенін жеткізген.

"Аталған факті ҚР ҚК-нің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары істің толық мән-жайын анықтау мақсатында тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жұмыстарды жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы күдікті ер азамат тұрғылықты үйінен ұсталды", - делінген хабарламада. 

Ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілді. Белгілі болғандай, II топтағы мүгедек жәбірленушіні күдікті ер азамат кешкі уақытта күш қолданып, әрі қорқытып, ақшасы мен телефонын алып кеткен.

Қарақшылық жасаған ер адамға қатысты іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Соттың шешімімен мүгедек ер азаматқа шабуыл жасаған жігіт 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады