“Гипноздап тастаған”: шымкенттік қариялар алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды

25.12.2023, 16:17
815
“Гипноздап тастаған”: шымкенттік қариялар алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды polisia.kz

Шымкенттік қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп қойды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Алаяқтықтың құрбандары 73 және 68 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін, көруге келген. Әңгімелесу барысында жалған сатып алушы әжелерге отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген.

Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен “қараңғы бөлмедегі қаралы күнге жинаған ақшаны” сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге. Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипнозды қолданған, өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді. Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектесті.

Ұсталған азаматша мегаполисте алаяқтық жасауға бел буған Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған. Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес береді.


Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды