Түркістанда ең ірі "Білім-инновация" лицейі ашылды

25.12.2023, 18:58
514
Түркістанда ең ірі "Білім-инновация" лицейі ашылды gov.kz

Түркістан облысының тарихында алғаш рет ұлдарға арналған 400 орындық және қыздарға арналған 300 орындық ең ірі білім-инновация лицейі ашылды.

Білім ошағының ашылу салтанатына Оқу-ағарту министрі қатысты.Ғани Бейсембаев өзінің құттықтау сөзінде мемлекет білім беру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2023 жылдың басында жүйені одан әрі дамыту үшін бес негізгі бағытты айқындады. Бұл жаңа буын менеджерлерін қалыптастыру, инфрақұрылымды кешенді жақсарту, оқу бағдарламаларын жаңарту, педкадрларды даярлауды жетілдіру, сапаны бағалаудың ұлттық жүйесін трансформациялау.

"Бүгін біз мемлекет жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстардың куәсі болып отырмыз. Президенттің қолдауының арқасында 2019 жылы педагог мәртебесі көтерілді. Апатты, үш ауысымды мектептерді, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын жою үшін елімізде арнайы бағдарламалар мен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда. Жыл басынан бері өңірлерде 137 мың оқушы орнына арналған 165 мектеп есігін айқара ашты. Бұл еліміздің 113 елді мекенінде оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Тек Түркістан облысы бойынша биыл 20 жаңа мектеп ашылды. Өңір басшылығына оқу-ағарту саласын ерекше назарға алғаны үшін алғысымды білдіремін", – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, жаңа лицей қажетті оқу базасымен, заманауи пәндік кабинеттермен, зертханалармен және жатақханамен толық жабдықталған. Онда 700 түркістандық бала білім алады.

Биылғы жылы өңірде 10 мың оқушыға арналған 33 мектептің құрылысы басталды. Оның 13-і пайдалануға берілді, тағы 7-уі осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Бұдан басқа, жеке инвестициялар есебінен 6 320 оқушыға арналған 35 мектеп ашу жоспарлануда.

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?