Маралбек Сағынғанов шет елдегі журналистиканың ерекшелін айтты

26.12.2023, 13:42
1113
Маралбек Сағынғанов шет елдегі журналистиканың ерекшелін айтты Маралбек Сағынғанов

АҚШ-та оқу бітірген журналист Маралбек Сағынғанов шет елдегі тәжірибесімен бөлісті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Маралбек Сағынғанов – Ақтөбедегі «Рика» телеарнасынан Американың жабайы даласына дейін тамырын жайған азамат. Алғашында журналистикаға деген құштарлық оты тұтанған Маралбек сан қырлы ақпарат әлеміне еніп қана қоймай, іскерлігін шыңдау үшін мұхит асып кетті.

Еңбек жолын «Рика» телеарнасынан бастап, «Еуразия бірінші арнасы» мен «Қазақстан» Ұлттық арналарында жалғастырған Маралбек Қазақстан медиа-сахнасының ажырамас бөлігіне айналып, тәжірибе жинақтады. Бірақ, амбицияда шек жоқ дегендей, Маралбек «Болашақ» бағдарламасының грантын жеңіп алып, АҚШ-қа оқуға кеткен еді. 

Сұхбатымызда оның мәдени және кәсіби өсу жолындағы саяхаты, қазақ пен американ журналистикасының айырмашылығынан қандай үрдістерді байқағаны туралы айтамыз.

Маралбек, телеарналардан көрмегенімізге біраз уақыт болды. Қайда жүрсіз?

Расымен, соңғы бес алты жылымды оқып, білім алуға жұмсадым. Еуразия Ұлттық университетіне журналистика бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі атандым, Лос Анджелестегі Оңтүстік Калифорния Универитетінде ПиАр бойынша өнер магистрі атағын қорғадым. Және сол калифорния штатында Оңтүстік Штаттар Университетінен Бизнес басқары магистрі дипломын алып шықтым. Білім деген өзі бітпейтін нәрсе екен, оқыған сайын тереңдігін көріп, сүңги бергің келеді. Ендігі меже докторлық деп отырмын. Көреміз.

Екі елдің білім беруінде өзгешелік көп пе екен?

Әрине, өзгешелік өте көп. Бір байқағаным, қай оқу орнында болмасын этика мәселелері өте терең оқытылады. Ал бізде байқайтыным, этика дегенді журналистің өзін-өзі қалай ұстауы деңгейінде түсінеді. Әлгі, үстел басында қай қасықты қайсысынан кейін алу керек деген сияқты тұрмыстық деңгейде қарайды. Алайда, этика ең алдымен адамның алдымен өз-өзімен шыншыл болуы. Бұл әсіресе журналиске қажет қасиет. Өйткені ақпаратпен жұмыс істеген соң оның объективті жеткізілуі аса маңызды. Батыста этика мәселесінің терең зерттелгені соншалық, кейбір дилеммалар туындаған уақытта оны қалай шешудің формулаларына дейін жасалған. Ішіңде әлдебір шешімің туралы күмән бар ма, ендеше жаңағы формулалардың бірін пайдалан да, оңтайлы шешуін тап. Әрине, бұл кез келген дертті жазатын сиқырлы дәрі емес, бірақ мейілінше этикалық шешім шығаруға көмектесетін амал. Егер этика дәні терең егілетін болса, журналистің ақпаратты тексеруі, объектив болуы да түзелер еді. Әсіресе қазіргідей жалған ақпарат заманында. 

Қазір расымен де жалған ақпарат белең алды. Бұл мәселе АҚШ-та президент сайлауына да әсер етті ғой.

Иә, ондай әңгіме болды. Көптеген зерттеулер де жасалып, әлеуметтік желілілердің жалған ақпарат таратудағы ролі талқыланды. Фейк ньюстің бесігі сол әлеуметтік желілер. Оны тоқтату қиын. Алайда, осындай кезде қарапайым тұтынушы сол баяғы дәстүрлі медиа өкілдеріне жүгіне алу керек қой. Ол үшін журналистика этикасы болсын, шынайылығы мен шыншылдығы тұрғысынан болсын сенімде болуы керек. Ал қазір біз елдегі дәстүрлі медианы ақырғы ақиқат қайнары деп қарай аламыз ба? Меніңше жауап – жоқ. Өйткені әлеуметтік желі ақпарат тұтынудың негізгі көзі болып тұр.

Фейк ньюстан қалай қорғанамыз?

Жаңа айтқанымдай дәстүрлі медиа ақырғы ақиқаттың көзі бола білуі керек. Бұл нарықта қалып, әлі де өмір сүреміз деген дәстүрлі медианың қазірге қажеттілігі деп едім тіпті. Өйткені технологиялардың қазіргі дамуымен дәстүрлі медиа тіпті қажет болмай қалуы да ғажап емес. Оларға тірі қалудың бір амалы шын, жан жақты ақпарат іздеген адам келіп жүгінетін қазық болу. Мұны батыстың дәстүрлі ақпарат құралдары жақсы түсінеді деп ойлаймын. Әрине, олардың бәрі ақырғы ақиқат қайнары емес, бірақ фактчекиң, яғни ақпаратты тексеру тұрғысында олардан үйренер нәрсе көп. Бізде де фактчекиңмен айналысатын, амал тәсілдерін үйрететін ұйымдар бар. Stopfake.kz деген сайтты қарап тұрамын. Елеулі жұмыс істеп жатыр. Ал сол ақштың өзінде мен оқыған университетке бір емес бірнеше фактчек институттар келіп, семинарлар өткізіп жүрді.

Дәстүрлі медиа қажет болмай қалуы мүмкін деген әңгіменің де айтылып келе жатқаныма көп болды. Бірақ газет те, радио да, телевизия да әлі бар. Сіз неліктен олар жоқ болады деп ойлайсыз?

Толықтай жоқ болып кетеді деп жүз пайыз сеніммен әрине айта алмаймын. Бірақ, әлгінде айтқанымдай, технологиялардың қазіргі дамуына көз салыңызшы. Осыдан бір жыл бұрын ChatGPT жасанды интелекті таныстырылды. Содан бері креатив әлемде бұрын түсімізге де кірмеген өзгерістер бола бастады. Жуырда ғана Гуглдың жасанды интеллект бойынша бұрынғы басшысы Мо Гаудаттың кітабын оқығанмын. Ол кісінің ойынша, жасанды интеллект эволюциясы әлі бастапқы этаптарында ғана. Ол әрі қарай дами бермек, және оның қай жерге дейін баратынын ешкім айта алмайды. Енді осындай өзгерістерге қарап отырып, медиа саласында да өзгерістер болмайды деу әбестік сияқты. Мүмкін қазіргі дәстүрлі медиа жойылып та кетпес, бірақ жаңа талаптарға бейімделуі керек ақ.

Сұхбатыңызға рахмет! 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды