Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған

26.12.2023, 14:45
905
Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған polisia.kz

Ақтөбе облысында жүк көлігінің жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

25 желтоқсанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері сағат 08:00 шамасында Ақтөбе – Орынбор автожолының 75-шақырымында Шахман жүк көлігін тоқтатқан.

Жүк көлігін Мәртөк ауданының 45 жастағы тұрғыны басқарған. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды, соған қарамастан ер адам қайтадан есірткіге масаң күйінде көлік жүргізген.

"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.


Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады