Енді ҰБТ сертификатын eGOV mobile арқылы алуға болады

26.12.2023, 17:10
871
Енді ҰБТ сертификатын eGOV mobile арқылы алуға болады gov.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ақпараттық ұлттық технологиялар» АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында «Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты» деп аталатын жаңа цифрлық құжатты іске қосты. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Енді ҰБТ сертификатын eGov Mobile арқылы электронды түрде алуға болады.

ҰБТ сертификаты пайдаланушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуде әр пән бойынша жинаған ұпайлары туралы ақпаратты қамтиды. Цифрлық сертификатқа Ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады, бұл оның деректерінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді.

Қосымшада ҰБТ сертификатының бірнеше түрін алу мүмкіндігі ескерілген. Мысалы, бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бірыңғай тестілеу балдарына ауыстыруға болатын IELTS, TOEFL халықаралық сертификаттарының балдары мен IB, ACT, SAT, A-Level сияқты халықаралық стандартталған тестілердің нәтижесі есептеледі. Сонымен қатар, ҰБТ сертификатының ерекшелігі ақылы бөлімде оқуға немесе мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қатысуға үміткерлерге және НЗМ түлектеріне байланысты.

ҰБТ сертификатын алу үшін:
1. Қосымшаға кіріп, басты бетте «Сандық құжаттар» деген бөлімді таңдау;
2. Құжаттар тізімін жаңартып, сертификатты алу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ сертификатының мерзімі құжатта көрсетілген. Егер жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, онда сертификат сандық құжаттар тізімінде көрсетілмейді. Сертификат иесі оны QR код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне болады. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады