Алматы облысында мас ер адам автобусты айдап кетіп, жол апатына ұшырады

26.12.2023, 19:32
548
Алматы облысында мас ер адам автобусты айдап кетіп, жол апатына ұшырады Видеодан алынған кадр

Талғарда Рысқұлов пен Қонаев көшелерінің қиылысында ер адам автобусты ұрлап айдап кетіп, жол апатына ұшырады. Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

 

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Бейнежазбадан автобустың аялдамаға, артынша жолдың жиегінде тұрған жеңіл көлікке соқтығысқанын көруге болады. 

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 25 желтоқсанда Талғар аудандық полиция басқармасына Талғар қаласындағы автобус аялдамаларының бірінде белгісіз адам қоғамдық көлікті ұрланғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Аталған дерек ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді.

«Талғар ауданының полицейлері жедел іздетіру іс-шараларының нәтижесінде 40 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде», - деп атап өтті ведомстводан.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады