Жер бетінің халықтары Жаңа жылды тосырқап қарсы алуда

27.12.2023, 13:28
1073
Жер бетінің халықтары Жаңа жылды тосырқап қарсы алуда smartnews.kz

Бүгінде әлемдегі жалпы көңіл-күй шат-шадыман деуге келмейді. Оған себеп те көп. Басты себеп – геосаясаттың тұрақсыздығы. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Украинадағы және Таяу Шығыстағы текетірестердің өзі бүкіл әлемнің жүйкесін жұқартып тұр. Жүйкесі жұқарып жүрген халықтардың қатарында қазақ та бар. Өйткені бізге көрші Ресей тарапынан күш қолдану жолымен қысым жасалу ықтималдығы жоқ емес, бар деп жатады. Оны жоққа шығару ақымақтық болар еді. Ресей саясаткерлерінің біздің ауламызға қарап ауық-ауық үріп тұруының өзі ықтимал қысым жасауға қаланып жатқан негіз бе, кім білсін. Кезінде Украинаға да үре-үре ақыры кезі келді де әскер кіргізді. Беті аулақ, бұл заманда бәрін де күтуге болады. 

Қазақстан ғана емес, мысалы, бүкіл Еуропа елдері де қанжардың жүзінде қылпылдап тұрғандай халде. Орысты өздерінен алыстату жолында Украинаға көмекті үйіп-төгіп беріп жатыр. Орыспен шекісіп қалу тәуекелі басым елдердің қатарында Молдова, Балтық жағалауы елдері, Польша, Грузия, Армения, барлық Орталық Азия елдері тұр. Мұншама халықтардың көңіл-күйі бүгінде шат-шадыман емесі де белгілі. Ал Украинада әзірге Жаңа жыл мерекесін тойлауға ықылас та, мұрша да жоқ. Украиндықтар алдымен өздерінің соғыстағы   жеңісін тойлағысы келеді.

Көңіл-күйдің мерекелік емес екені дүниенің әр қиырындағы халықтардың алдымыздағы Жаңа жыл мейрамына деген құлшынысы қандай екенінен-ақ көрініп тұр. Әлемде Жаңа жылды тойлауға деген селқостықтың табы байқалады. Ал мерекені тойлау көңіл-күйге және жанның тыныштығына тікелей байланысты екені тағы бар. Жаны тынбай алаңдап жүрген адамдарда мерекелік көңіл қайдан болсын? Осыған мысал да көп. Соның кейбіріне тоқтала кетпекпіз.

Жалпы, Орталық Азия елдерінің халықтарында біздің Жаңа жылымыз Наурыз мерекесі деген ұстаным бар. Дегенмен 31-ші желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түнгі Жаңа жылды кернейлетіп-сырнайлатып қарсы алатындар да көп. Негізінен бұл отбасылық мейрам деп қарастырылады. Ал биыл Орталық Азия елдерінде Жаңа жылды қарсы алу мерекесін отбасыдан тыс орындарда, яғни көшелерде, дәмханалар мен мейрамханаларда және алаңдарда тойлаудың артық даңғыр-дұңғырын шектеу үрдісі бар. Мереке көбіне балалар үшін мектептер мен балабақшаларда ұйымдастырылады. Ал бұрынғыдай ұлан-асыр тойлайын деп жатқан ешкім көрінбейді. Тіпті балабақшалар мен мектептерде де мереке өткізбейміз деп отырған ел де бар. Ол – Түркіменстан. Бұл елде алдымен Жаңа жалға дайындық жақсы басталған. Мерекеге бір апта қалғанда ел билігі көшелер мен алаңдардағы безендірулі шыршалар мен өзге де әшекейлердің көбін алдырып тастады. Негізгі деген шыршалар ғана қалдырылды. Сонымен бірге мектептер мен Балабақшаларда Жаңа жыл мерекесінің таңертеңгілік шырша мейрамын өткізуге тосыннан тыйым салынды. Түркіменстанның имам-молдалары да Жаңа жылды тойламаңдар дегенді өздерінің уағызында көбейтіп жатыр. «Пайдасы жоқ нәрсеге ақшаларыңды босқа шашпаңдар» дейді олар. Орталық Азиядағы өзге елдерде де Жаңа жылды естен тана тойлайық деп жатқан адамдар байқала бермейтін сияқты.

Ресейде де сол. Ресейдің аймақтарында да Жаңа жыл екен деп босқа ақша шашпайық, мерекені тойлап жағамыз жайлауға кетпесін деген ұстаным пайда болды. Мерекелік отшашуды көбейтпеуді қадағалау да бар. Әсіресе Украинаға жақын жатқан аймақтарда отшашу мүлде болмауы да мүмкін. Мұны ондағы жергілікті тұрғындар арнайы операцияға кедергі бермейік деп тоқтатқан сияқты. Бірқатар аймақта отшашуға тыйым салынды. Ресейдің Мәскеу, Липецк, Ростов, Воронеж, Курск, Белгород, Орлов, Рязань, Мурманск, Пенза, Калининград, Архангельск и Вологда облыстары, Мәскеу маңының қалалары, Сочи, Қазан, Самара, Владикавказ қалалары, Коми, Ингуш, Қабардин-Балқар и Башқұртстан республикалары, Қырым, және Ханты-Мансы автономиялық округі соғыс жүріп жатқанда мерекелік аста-төкті азайтайық деген бастамаға  қосылған. Жаңа жыл мерекесін ұлан-асыр тойламау үрдісі Еуропа елдерінде де бар деп жатыр. Мұның бәрі геосаясаттың тұрақсыздығына халықтардың алаңдауына және жүйкесі жұқаруына байланысты болса керек.

Қазақстанда да отшашуға шектеу қойылып жатыр. Қауіпсіздік қадағаланады, әрі отшашудың рұқсатсыз саудасына тосқауыл қойылады. Негізі, заң бойынша жай күні болсын, мереке күні болсын, түнгі сағат 11:00-ден кейін көшенің тыныштығын бұзған адамға айыппұл салынады. Түптеп келгенде мұндай заңмен Жаңа жыл кешінде сағат 11.00-ден ертесі күнгі 10:00-ге дейінгі аралықта мерекелік отшашу жасаған адамға айыппұл салынуы тиіс. Қазақстанда ұжымдардың корпоративтері жылдағыға қарағанда азайғаны немесе әсіре айғай-шусыз өтіп жатқаны байқалады. Тек мектептер мен балабақшаларда Жаңажылдық шырша мерекесі жақсы деңгейде өткізіледі.

Әрине, әлемде тыныштық болса, ешбір елге қауіп төнбесе, ешкім өзінің ертеңгі күні үшін алаңдамаса, халықтардың мерекесі де, Жаңа жылды тойлауы да әлдеқайда жанданған болар еді.   

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)