"Көліктің ішінде кім жеңетінін күтіп отырдық": Қарақат Әбілдина Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болманның төбелескен кезін еске алды

27.12.2023, 14:13
4779
"Көліктің ішінде кім жеңетінін күтіп отырдық": Қарақат Әбілдина Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болманның төбелескен кезін еске алды qasym.buketov.edu.kz

Танымал әнші Қарақат Әбілдина өмірлік жары Қыдырәлі Болманмен отау құрғаннан кейін алғаш гастрольге шыққан кезін еске алды. Бұл туралы  “Төрлетіңіз” бағдарламасында айтты.

Aikyn.kz хабарлауынша, “АБК” тобымен бірге сапары Семей қаласынан басталған. 

“Үйлену тойымыз өткеннен кейін, гастрольдік сапармен Семей қаласына жол жүріп кеттік. Қазіргідей ұшақ пен жол талғамайтын көлік жоқ. Бір автобус толы өнер адамдары ел аралап концерт бере беретін. Сол кезде арнайы “АБК” тобына жеңіл көлік берді. Біз Семейге сонымен жететін болдық. Ерлан, Қыдекең, Медеу және мен төртеуіміз келе жатырмыз. Бір кезде әңгімені Медеу бастады. “Қыдырәлі, сен Қарақатты сыйла, сыйламайтын сияқтысың” деп айтты. Ол да, мен де екі ортада ақталып, әбігерге түстік. “Мені ренжіткен емес бұл кісі” деп жатырмын. Сол жерде Қыдекеңе біраз ақыл айтты. Бір кезде сөзден сөз шығып, төбелесуге себеп табыла кетті. Екеуі машинадан секіріп түсіп, жаға ұстасып, жұлыса кетті. Ерлан екеумізді машинадан шығармай қойды. Төбелес көріп, ішінде отырмыз. Екеуі әбден төбелесті. Тұрған жеріміз – елсіз дала, ұзын жолдың бойы, тас қараңғы. Арасында екеуі демалып алады да, қайтадан төбелесті жалғастырады. Ертең Балқашта “АБК”-ның үлкен концерті өтпекші. Беттеріне жұдырық тигендіктен, Медеудің көзі көгеріп кеткен. Бір кезде төбелес аяқталып, түк болмағандай Балқашта концерт бердік. Екеуінің іші пысқаннан істеп жүрген тірлігі болатын”, – деп еске алды әнші. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды