СҚО-да боран салдарынан 80 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды

27.12.2023, 16:49
694
СҚО-да боран салдарынан 80 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды polisia.kz

СҚО-да боран салдарынан 80 жүк көлігі қар құрсауында қалып қойды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр,

Өткен түнде солтүстікқазақстандық полицейлердің, ТЖ және жол қызметтері қызметкерлерінің жұмысы қыза түсті. Бір-екі күн бұрын аймақта ауа температурсы көтеріліп, жаңбыр жауды, кейін күн суытып, соңы көктайғақ пен боранға ұласты. Барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальонының барлық ауысымдары ғана емес, тіпті бұл бөліністің басшылығы да жұмылдырылды. Астана – Петропавл автожолының Тайынша ауданы арқылы өтетін учаскесі жүргізушілер үшін қиын болды.

Ауыр жүк көліктері қатты жел мен көктайғақтың салдарынан дөңес учаскелерге көтеріле алмады. 27 желтоқсанда таңертең бұл жерде 80-ге жуық жүк көлігі жиналып қалды. Мамлют ауданында Қостанай қаласынан Петропавл қаласына ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін тасымалдап келе жатқан Volvo жүк көлігінің тіркемесі жолдан шығып кетті.

Тіркемені шығарып алу үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс аумағында бір түнде барлығы 7 автокөлік осындай жағдайға тап болды, олардың барлығы шығарып алынды. Жабық жолдарда барлығы 159 жүк және 132 жеңіл көлік тұрып қалды. Полицейлер мүдделі қызметтер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері 240-тан астам адамды шығарып алды, біреулерін жылыту орындарына жеткізді.

Қол созым жер көрінбейтін қарлы боранда полицейлер елді мекендерге 30-40 машинадан құралған 7 автокөліктер легін жеткізді. Мамлют ауданының орталығы Мамлютка қаласындағы білім беру мекемелерінің біріне тамақтанып, жылыну үшін 80-нен астам адам орналастырды. Олардың қатарында Ресейден Тәжікстанға транзит арқылы кетіп бара жатқан автобустың 70 жолаушысы да болды, оның 17-сі балалар.

– Сондай-ақ облыс жолдарында ұсақ екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, ешкім зардап шекпеді. Жүргізушілерден ТЖ қызметінің хабарламаларын бақылап отыруды, жолдардың жабылуына дайын болуды сұраймыз. Қозғалысты шектеу туралы талаптарды орындамау ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз. Қысқы жолдарда жылдамдықты кенеттен арттырмаған және тежегішті бірден баспаған жөн. Өте қажет болмаса, басып озу маневрін жасамаған абзал. Қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды ұмытпаңыздар. Қазіргі уақытта өңірде ауа-райы тұрақталып келеді, жолдар қар үйінділерінен тазартылғаннан кейін көлік қозғалысын жандандыру жоспарланып отыр, – дейді СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі Уәлихан Оразалин.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады