Батыс Қазақстанда ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылды

27.12.2023, 17:36
933
Батыс Қазақстанда ерекше балаларға арналған ерте араласу орталығы іске қосылды БҚО оңалту орталығы

Жаңа орталық мамандары нейро-ортопедиялық кінәраттары мен олардың туындау қаупі бар балаларға көмектесетін болады.

Мекеме ең замануи жабдықтармен жабдықталған, жылына денсаулығында кінәраты бар 3 жасқа дейінгі 600 баланы қамти алады.

Ерте араласу орталығында церебралды сал ауруы, шала туу, Даун синдромы, дамуында туа біткен ақаулары, бұлшық ет дистрофиясы, босану жарақаттары және қозғалыс бұзылыстары және жүйке жүйесінің басқа да аурулары бар балалар оңалтудан өтеді. Балалармен жұмыс істеу үшін тиімді технологиялар ұсынылған, олар: механотерапия және емдік-дене шынықтыру залы, сенсорлық, иммерсиялық ванна, шунгит және тұз бөлмелері. Есту қабілетін және бас миын зерттеуге арналған диагностикалық жабдықтар да бар. 

«Біз бүгін Қазақстан бойынша ерекше балалар және олардың ата-аналары үшін  34-ші  оңалту орталығын ашып отырмыз. Ерте араласу  оңалту орталықтарының артықшылығы -  денсаулығында кәніраты бар балаларға абилитациялық оңалтуды жүргізу  арқылы мүгедектігінің алдын алуға көмек беру.  Бұл мақсатта дәрігерлермен бірлескен еңбектің жемісін ата-аналар қауымы лайықты бағалайды деп сенемін. Ал біздің ұлттық әл-ауқат қоры инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған игілікті ісін  әрі қарай да жалғастыра береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Жаңа орталық «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларынының ынтымақтастығы аясында ашылып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды